Сабина Алтынбекова жаңа жылды Гонконгта қарсы алады

О Сансызбай Корреспондент
Сабина Алтынбекова жаңа жылды Гонконгта қарсы алады

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Гонконгқа аттанды. Ол жергілікті волейбол құрамасымен тәжірибе алмасып, және спорт тақырыбындағы халықаралық салтанатты жиынға қатысады.

БӨЛІСУ

18 жастағы қазақстандық спортшы Гонконгтағы кездесулерінің маңызы мен ерекшелігіне тоқталып өтті. Сонымен қатар, волейболшы Жаңа жылды тұңғыш рет Ақтөбеде емес, шетелде қарсы алғалы отыр екен.

- Гонкгонгтан шақырту келген кезде ең алдымен бұл шара менің жаттығуларыма кедергі келтірмей ме, соны ойладым. Ол жақта өтетін салтанатты жиын, халықаралық конференция спортпен тығыз байланысты болғандықтан баруды ұйғардым. Сапарымның мақсаты - ойыншылармен тәжірибе алмасу. Командамызбен жалпы жаттығу болады. Танымал адамдармен және, әрине, менің сүйікті жанкүйерлеріммен кездесу өтеді, - деді Сабина Алтынбекова

Бүгін қазақстандық спортшыны Гонконг қаласындағы жанкүйерлері зор қошеметпен қарсы алды. Бұл туралы Сабинаның өзі instagram әлеуметтік желісінде хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, жақында ғана Сабина Алтынбекова «Халықтың сүйіктісі» сыйлығының «Жыл жаңалығы» аталымында лауреат атанған болатын. Сонымен қатар, алдағы жылы түсірілімі басталатын қазақстандық фильмнің басты ролін сомдайтын болады.

Сурет: massaget.kz