Сабина Алтынбекова жаңа жетістігін «instagram» желісінде бөлісті

О Сансызбай Корреспондент
Сабина Алтынбекова жаңа жетістігін «instagram» желісінде бөлісті

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова «Халықтың сүйіктісі» сыйлығының «Жыл жаңалығы» аталымында лауреат атанды. Сонымен қатар, жақында түсірілімі басталатын қазақстандық фильмнің басты ролін сомдайтыны белгілі болды.

БӨЛІСУ

Сабина Алтынбековаға «Like» пішінінде жасалған ескерткіш сыйлықты актер Фархат Әбдірайымов табыстады. Ал жоба ұйымдастырушысы - қазақстандық белгілі қоғам қайраткері, «Республика-Өңір-Даму» қорының президенті Ғалым Байтоқ спортшының алдағы уақытта отандық фильмнің басты ролін сомдайтынын айта кетті.

- Кішкентай құпиямды ашайын. Біз Фархат Әбдрайымовпен бірге жаңа көркем фильмнің продюсерлік жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Фильм атауы - "Путь домой". Басты ролінде Сабина Алтынбекова ойнайды. Фархат Әбдрайымов та басты рольдердің бірін сомдайды. Фильм 90-жылдары асыранып алынған баланың өз Отанына оралуы жайында. Мұңды оқиға соңы қуанышты аяқталады, - деді марапаттау кезінде Ғалым Байтоқ.

- Романтикалық оқиға, картинаны 2015 жылы түсіреміз. Мен Сабинаның әкесі болып ойнаймын, - деді актер Фархат Әбдірайымов.

Сұлулығымен әлемді мойындатқан қазақстандық волейболшы жаңа жетістігін «instagram» әлеуметтік желісінде жанкүйерлерімен бөлісті.

Сурет: tengrinews.kz