«Шахтер» футбол клубын Владимир Чебурин жаттықтырады

BAUKENTI ZHAQSYMBET Корреспондент
«Шахтер» футбол клубын Владимир Чебурин жаттықтырады

Владимир Чебурин қарағандылық «Шахтер» футбол клубының жаңа бапкері болып тағайындалды. Аталған бапкер бұған дейін литвалық Кроуякомандасын жаттықтырған. Ол өткен маусымдағы ойындардың қорытындысы бойынша күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.

БӨЛІСУ

Былтырғы жылы чемпиондар лигасының топтық кезеңіне бір табан жақындаған қарағандылық клуб биылғы маусымды сүреңсіз өткізді. Команданың сәтсіз ойынынан кейін «Шахтер» басшылығы Виктор Кумыковпен арадағы келісімді созбайтындығын мәлімдеген болатын. 

Чебурин бапкердің тактикасы мен өмірлік тәжірибиесінің мол екенін ескеріп, команда басшылығы келесі маусымнан үлкен үміт күтуде. Басқа чемпионаттан ауысып келген бапкерге ел біріншілігі қалай болар екен, оны алдағы уақытта көретін боламыз.

Сурет: tengrinews.kz