Ильин жаңа жетістігін instagram желісінде бөлісті

О Сансызбай Корреспондент
Ильин жаңа жетістігін instagram желісінде бөлісті

Екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы отандасымыз Илья Ильин «Қазақстандағы №1 жыл таңдауы » - «Алтын Адам» сыйлығының «жыл спортшысы 2014» аталымында лауреат атанды. Бұл туралы спортшы өзінің instgram әлеуметтік желісінде хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

2013 жылы бұл аталымдағы лауреат атағын алматылық «Қайрат» футзал клубы иеленген еді. Биыл Илья Ильинге бұйырды. Ауыр атлетикада ел абыройын асқақтатып жүрген спортшы бұл жетістігін жанкүйерлерімен бөлісті.

Айта кетейік, Илья Ильин Алматыда өткен әлем чемпионатында доданың ең үздік спортшысы атанған болатын. Сонымен қатар, екі дүркін әлем және Еуропа чемпионы, 2004 жылғы Олимпиадада топ жарған ресейлік грек-рим күресінің шебері Хасан Бароев Ильяны «ХХІ ғасырдың ұлы спортшысы» деп атаған еді. 

Сурет: voxpopuli.kz