Иса Ақбербаев Мәскеуде жұдырықтасатын болды

О Сансызбай Корреспондент
Иса Ақбербаев Мәскеуде жұдырықтасатын болды

IBO Intercontinental тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Иса Ақбербаев 11 желтоқсан күні кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы боксшының «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасы хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

31 жастағы қазақстандық боксшының қарсыласы - латвиялық Олег Лопаевс. Кездесу Мәскеуде өтеді. Бұл жұдырықтасу WBA тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы ресейлік Федор Чудинов пен аустралиялық Бен МакКлух жекпе-жегі алдында өтуге жоспарланған. Ал тікелей эфирде «KazSport» арнасы көрсететін болады.

Айта кетейік, Иса Ақбербаев кәсіпқой бокстағы спорттық мансабын 2009 жылы бастаған. 5 жыл көлемінде 14 жекпе-жек өткізген жерлесіміз әзірге қарсыластарынан опық жеп көрген жоқ. Бір кездесуі жоспарланып өтпей қалған. Жылдамдығымен, және ширақ қимылдарымен ерекшеленетін отандасымыз әлі кәсіпқой бокста жарқын жетістіктерін бағындырады деп бағаланып жүр.

Сурет: sports.kz