Зинедин Зиданның ұлы алғаш рет әкесінің командасында алаңға шықты

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Зинедин Зиданның ұлы алғаш рет әкесінің командасында алаңға шықты

Әйгілі француз футболшысы Зинедин Зиданның ұлы Энцо Испания біріншілігінің қосалқы командасы «Реал Мадрид Кастилья» клубы сапында алғаш рет алаңғы шықты. Энцо жасыл алаңға Фернандес деген атпен анасының фамилиясында өнер көрсетті.

БӨЛІСУ

 19 жастағы ойыншы алғаш рет негізгі құрамға ілігіп, «Конкенсе» клубына қарсы ойында 88 минутта алаңға шықты. Бұл ойында «Реал Мадрид Кастилья» клубы 2:1 есебімен басым түсіп, осымен қатарынан жетінші кездесуде жеңіс тойын тойлады. Бүгінде «Реал Мадрид Кастилья» командасы Испанияның үшінші дивизионында алтыншы орында келеді. 

Энцо «Реалдың» жастар академиясында 2004 жылдан бері жаттығып келеді. 2011 жылы «Реалдың» бас бапкері Жозе Моуринью оны негізгі команда да жаттығуға шақырған болатын. Ағымдағы жылдың ақпан айында 19 жастағы жартылай қорғаушы Франция жасөспірімдер құрамасы сапында өнер көрсетіп үлгерді. 

Бүгінде «Реал Мадрид Кастилья» командасының тізгіні әйгілі футболшы Зинедин Зиданның қолында. Зидан қазан айының аяғында үш айлық жазаға тартылып, аталған клубты уақытша қолға алған болатын. Жазаның себебі, Зиданның бапкерлік лицензиясының дұрыс болмауында екен.

Зинедин Зиданның ұлы Энцо Фернандестің ойыны:

Сурет: halamadrid.kz