«Жыл бапкері» марапатына үміткерлер анықталды

О Сансызбай Корреспондент
«Жыл бапкері» марапатына үміткерлер анықталды

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) 2014 жылдың «Үздік бапкеріне» үміткерлердің тізімін жариялады.

БӨЛІСУ

Бұл тізімге 10 футбол маманы енген. Ал басты фавориттер ретінде Германия ұлттық құрамасымен әлем чемпионатын жеңіп алған Йохам Лев пен «Реалмен» Чемпиондар лигасын иеленген Карло Анчелотти саналуда.

Сонымен қатар, үздік саналған 10 бапкер қатарына Антонио Конте (Италия құрамасы), Хосеп Гвардиола («Бавария»), Юрген Клинсман (АҚШ құрамасы), Йоахим Лёв (Германия құрамасы), Жозе Моуринью (Челси»), Мануэль Пеллегрини («Манчестер Сити»), Алехандро Сабелья (Аргентина құрамасы), Диего Симеоне («Атлетико» Мадрид) және Луи ван Гал («Манчестер Юнайтед») еніп отыр.

Үздік шыққан бапкердің есімі 2015 жылдың 12-қаңтарында Цюрихте өтетін салтанатты кеште анықталатын болады. Өткен жылы «Жыл бапкері» марапаты мюнхендік «Баварияны» баптаған Юпп Хайнкеске бұйырған болатын.

Сурет: eurosport.ru