Гран-При. Бүгін төрт салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталады

О Сансызбай Корреспондент
Гран-При. Бүгін төрт салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталады

Дзюдодан Астанада өтіп жатқан әлемдік Гран-Придің екінші күнінде төрт салмақ дәрежесінде медальдар сарапқа салынады,-деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Жарыстың бірінші күні бес салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынған болатын. Жалпыкомандалық есепте жерлестеріміз алға озған. Бүгін ерлер сынында 73 және 81 келіге дейінгі салмақта, әйелдер арасында 63 және 70 келіге дейінгі салмақта жеңімпаздар анықталады. Финалдық белдесулер Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Ерлер сынында 73 келіде Қайрат Ағыбаев, Арман Махамбетов, Нұрлан Оразалин, Ертуған Төренов ел намысын қорғаса, 81 келіде татамиге Бекжан Әбдуәлиев, Әзиз Қалқаманұлы, Фархад Розоқұлов, Эльдар Зәріпханов шығатын болады. Ал әйелдер бәсекесінде 63 келіде Зәмзәгүл Файзолланова, Зарина Санаки, Мариан Ордабаева және Анар Жұмабаева белдессе, 70 келіде Зере Бектасқызы, Динара Қодарова, Анар Сейтімова және Ділбар Өмірәлиева медаль үшін таластар жүргізетін болады.

Айта кетейік, байрақты бәсекелер ішінде Гран-При турнирінің маңызы жоғары. Өйткені, бұл турнир Олимпиада ойындарының лицензиялық сыны болып табылады. Яғни, «Сарыарқа» велотрек кешеніндегі белдесулердің қорытындысы бойынша балуандар еншісіне ұпай жазылатын болады. Ол ұпайлар 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алуға септігін тигізеді.

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: @massaget.kz