Гран-При. Жансай – күміс, Асхат – қола жүлде еншіледі

О Сансызбай Корреспондент
Гран-При. Жансай – күміс, Асхат – қола жүлде еншіледі

Дзюдодан Астанада өтіп жатқан әлемдік Гран-Приде Жансай Смағұлов - күміс, Асхат Телманов – қола жүлде жеңіп алды,- деп хабарлайды massaget.kz  тілшісі.

БӨЛІСУ

66 келі салмақ дәрежесінде финалға сүрінбей жеткен Жансай Смағұлов шешуші айқаста сыр беріп алды. Тағы бір отандасымыз Азамат Мұқановтың жолын кескен жапон Юки Хашигучи бұл жолы Жансайдың да жолын орап кетті. Нәтижесінде жерлесіміз күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал жұбаныш белдесуден кейін қолаға таласуға мүмкіндік алған Азамат Мұқанов тағы бір күншығыс елінің спортшысы Миозакиден жеңіліп, бесінші орынға тұрақтады.

60 келіде топ жарған Елдостан өзге қола медальдың бірі Асхат Телмановқа бұйырды. Қола жүлдеге таласта жерлесіміз ресейлік Дмитрий Куликовтан мықты шықты.

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: @massaget.kz