Елдос Сметов Гран-При додасында топ жарды

О Сансызбай Корреспондент
Елдос Сметов Гран-При додасында топ жарды

Дзюдодан Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрек кешенінде өтіп жатқан әлемдік Гран-Приде 60 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Елдос Сметов алтыннан алқа тақты, - деп хабарлайды massaget.kz  тілшісі.

БӨЛІСУ

60 келі салмақ дәрежесінде отандасымыз о бастан фаворит саналған. Жақында ғана мәресіне жеткен Инчхондағы Азия ойындарында да Елдос алтын медальды жеңіп алған болатын. Финалға барар жолда тараздық спортшы Денис Биличенко (Украина), Бахром Иноятов (Өзбекстан) және Дмитрий Куликовты (Ресей) жеңді. Ал финалда моңғол дзюдошысы Амартувшин Даштавамен кездесіп, татамидегі текетіресті таза жеңіспен аяқтады. Моңғол спортшысы болса өз жеңілісінен кейін Елдостың қолын алудан бас тартып, өз наразылығын да танытты. Өз кезегінде қазақстандық спортшы қарсыласына құрметін көрсетті. Жарыстың бірінші күнінде қоржынға алтын жүлде осылай түсті.

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: @massaget.kz