Астанада дзюдодан әлемдік Гран-при өтеді

О Сансызбай Корреспондент
Астанада дзюдодан әлемдік Гран-при өтеді

Қазанның 10-12 күндері аралығында Астанадағы республикалық «Сарыарқа» велотрек кешенінде дзюдодан әлемдік Гран-при додасы өтеді. Аламанда әлемнің 38 елінің спортшылары бақ сынайды деп күтілуде.

БӨЛІСУ

Бүгін ерлер құрамасы бас бапкері Ермек Имамбеков пен әйелдер құрамасы бас бапкері Жәкен Саламатов ел намысын қорғайтын татами шеберлерінің құрамын жариялады. Бұл туралы ел дзюдо федерациясының ресми сайты хабарлап отыр.

Ерлер құрамасы:

60 келі: Рустам Ибраев, Елдос Сметов, Асхат Телманов, Ғабит Есімбетов

66 келі. Азамат Мұқанов, Наурызбек Майлашев, Жансай Смағұлов, Елдос Жұмақанов

73 келі. Қайрат Ағыбаев, Арман Махамбетов, Нұрлан Оразалин, Ертуған Төренов

81 келі. Бекжан Әбдуәлиев, Әзиз Қалқаманұлы, Фархад Розоқұлов, Эльдар Зәріпханов

90 келі. Айбол Айтбек, Әсет Ахметжанов, Әділет Мисин, Самат Есен

100 келі. Талғат Әміренов, Виктор Демьяненко, Максим Раков, Әділхан Қозыбаев

+100 келі. Руслан Әбдіразақов, Ержан Шынкеев

Бас бапкер – Ермек Имамбеков

Қыздар құрамасы:

48 келі. Айгүл Байкулева, Меруерт Иманғалиева, Кәмшат Қарасайқызы, Айкүнім Түйтекова

52 келі. Жібек Құрмашева, Олеся Куценко, Дарья Лунова, Ленария Минғазова

57 келі. Назгүл Құбашева, Анна Казюлина, Севара Нышанбаева, Анна Старченко

63 келі. Зәмзәгүл Файзолланова, Зарина Санаки, Мариан Ордабаева, Анар Жұмабаева

70 келі. Зере Бектасқызы, Динара Қодарова, Анар Сейтімова, Ділбар Өмірәлиева

78 келі. Альбина Амангелдиева, Әлия Жылқыбаева, Зарина Райфова, Нәзира Ержанова

+78 келі. Зарина Әбдірасулова, Гүлжан Исанова

Бас бапкер - Жәкен Саламатов

Айта кетейік, 2015 жылы дзюдодан өтетін әлем чемпионатын да Астана қаласы қабылдайды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: confederation.kz