Геннадий Головкин әлемдегі ең үздік боксшы атағына үміткер атанды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Геннадий Головкин әлемдегі ең үздік боксшы атағына үміткер атанды

Орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдарынның әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин әлемдегі ең үздік боксшы атағына үміткер атанды.

БӨЛІСУ

Әлемнің ең үздік боксшысын анықтау Sports.ru сайты арқылы анықталады. Бұл тізімге жерлесімізбен қатар америкалық кіші Флойд Мейвезер мен Бернард Хопкинс және филиппиндік Мэнни Пакьяо сынды бірнеше үздік боксшылар енді.

Әлемнің үздік боксшысына мына сілтеме арқылы дауыс бере аласыздар.

Қоса кетсек, Геннадий Головкин алдағы кездесуін 18 қазан күні Лос-Анджелесте өткізеді. Отандасымыз орта салмақтағы WBC тұжырымының уақытша чемпионы мексикалық боксшы Марко Антонио Рубиомен жұдырық түйістіреді.

Қазақстандық боксшы бұл кездеуін қоса есептегенде ағымдағы жылы үшінші кездесуін өткізгелі отыр. Головкин кәсіпқой бокста бұған дейін 30 кездесу өткізген болатын. Головкин мен Рубио кездесуінің жеңімпазы орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымдарының иегері атанып, пуэрторикалық Мигель Котто иелік ететін WBC тұжырымына таласатын болады.

Геннадий Марко Антонио Рубиомен болатын кездесуге дайындық жұмыстарын бастап кетті. Жерлесіміз жаттығу жұмыстарын Калифорниядағы Big Bear лагерінде жүргізуде. Әйгілі «НВО» телеарнасы бұл тарихи кездесуді тікілей эфирден таратуды көздеп отыр. Билеттердің бағасы 27 доллардан 210 долларға дейін жетіп жығылады. Билеттерді StubHub Center кассасынан, не болмаса AXS.com сайтынан сатып алуға болады.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: boxing.ru