Қанат Ислам WBA рейтингінде екі саты жоғарылады

Шерхан Талап Корреспондент
Қанат Ислам WBA рейтингінде екі саты жоғарылады

Кәсіпқой бокс аренасында орта салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жүрген отандасымыз Қанат Ислам Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының  (WBA) жаңартылған рейтингінде екі саты жоғарылады.

БӨЛІСУ

Жерлесіміз осылайша өз салмақ дәрежесінде жетінші орынға көтерілді.

29 жастағы боксшы өзінің соңғы жекпе-жегінде Колумбияда жергілікті боксшы Фидел Монтеррос Муньосты нокаутпен жеңіп, кәсіби бокстағы 18-інші жеңісіне қол жеткізген болатын. Қанат 18 кездесуінің 15-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Отандасымыз сынға түсетін 69,85 салмақ дәрежесінде бүгінде кіші Флойд Мейвезер көш бастап тұр.

Естеріңізге сала кетсек, Қанат Ислам кәсіпқой боксқа 2012 жылы ауысты. Бұған дейін ол әуесқой бокста Қытай атынан Бейжің Олимпиадасына қатысып, қола медаль алған еді. Елге оралған соң WSB сериясында өнер көрсететін елордалық "Астана арландары" командасының намысын қорғады. Бүгінде боксшы АҚШ-тың Флорида штатындағы Pahokee базасында дайындалып жүр. 

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vesti.kz