Қазақстан ұлттық құрамасы мен жастар құрамасы дайындықтарын пысықтауда

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан ұлттық құрамасы мен жастар құрамасы дайындықтарын пысықтауда

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы ертең Тәжікстанмен өтетін ойынға соңғы дайындықтарын Талғарда пысықтап жатса, жастар құрамасы (U-21) Шымкентте оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

БӨЛІСУ

Бүгін Саулюс Ширмялис жаттықтыратын жастар құрамасы дайындықтарын жетілдіру мақсатында Қырғызстан олимпиадалық құрамасымен кездеседі. Астана уақытымен сағат 18:00-де басталатын кездесу Шымкенттегі «Биік» футбол орталығында өтеді. Қарымта кездесу болса ертеңге жоспарланып отыр. 2015 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде бақ сынап жатқан жерлестеріміз соңғы әрі шешуші кездесуін қыркүйектің екінші жұлдызында «Астана-Арена» стадионында Франция жастарына қарсы өткізеді.

Ал ұлттық құрама болса ертең Алматының орталық стадионында Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізеді. Ойын Астана уақытымен 19:30-да басталады. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:sports.kz