«Астана» мен «Ақтөбенің» қарсыластары анықталды

О Сансызбай Корреспондент
«Астана» мен «Ақтөбенің» қарсыластары анықталды

Жаңа ғана Швейцарияның Ньон қаласында Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өткен командалардың қарсыластары белгілі болды. Елордалық «Астана» Испанияның әйгілі «Вильярреал» командасымен кездесетін болса, «Ақтөбе» Чемпиондар лигасынан шығып қалған польшалық «Легияға» қарсылас атанды.

БӨЛІСУ

Станимир Стойлов шәкірттеріне жеребе жолдас болмағандай. Өйткені, «Вильярреал» командасы Еуропаны ойынымен мойындатып үлгерген клубтардың бірі. Бірінші кездесу 21 тамыз күні «Астана-Аренада» өтсе, қарымта кездесу араға бір апта салып Испанияда өтеді. Егер ғайыптан тайып, жерлестеріміз топтық кезеңге шығып жатса, айды аспанға бір-ақ шығарар еді.

Ал «Ақтөбе» қарсыласы да осал емес. Польшаның «Легия» командасы 1916 жылы құрылған. Үшінші іріктеу кезеңінде «Селтикке» қарсы алаңға шығу рұқсаты жоқ ойыншыны шығарып, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне түсіп қалды. Жерлестеріміз бірінші кездесуін Ақтөбеде өткізсе, қарымта кездесу 28 тамыз күні Варшавада өтеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com