«Астана» «АИК» апшысын қуырды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
«Астана» «АИК» апшысын қуырды (видео)

Еуропа лигасының үшінші електік кезеңінде Швецияның «АИК» командасымен жолы түйіскен «Астана» қарымта кездесуде қарсыластарын үш доп басымдығымен жеңіп, плей-офф кезеңіне шықты.

БӨЛІСУ

Терезесі тең қарсыластар алғашқы минуттардан бір-бірінің осал тұсын аңдаумен, қателіктерін күтумен жүрді. Сәті түскенде қақпаларына соққы бағыттап та көрді. Доп ұстау басымдығы мен шабуылға ұмтылуда «Астананың» ойыншылары белсенумен көзге түсті. Тек шешуші сәттегі нәтижелі соққылар жетіспеумен болды. 29 минутта алаң иелері жерлестеріміздің қақпасының торын тулатты. Бірақ, қапталдағы төреші футболшының ойыннан тыс қалғанын көрсетті. Араға 8 минут уақыт сала «АИК» қақпасына жақын тұста Танатты алаң иелері шалып тоқтатты. Фокси Кетевоама бағытаған доп қорғаныста тұрған футболшыларға тиіп қақпа торында тулады. Бірінші тайм аяқталар тұста Бауыржан Жолшиев те есепті еселей түсуге мүмкіндік болды. Күтпеген жерден келген допты «Астана» ойыншысы күтпей де қалды.

Екінші таймды да Станимир Стойлов шәкірттері ширақ бастады. 53 минутта «АИК» қорғаушыларының өрескел қателігін сәтті пайдаланған Дмитрий Шомко жерлестеріміздің басымдығын екі допқа ұзартты. 62 минутта Ненад Эрич өз қақпасын алаң иелері қауіпті соққысынан құтқарып қалды. Араға 3 минут сала «АИК» ойыншысы Гайтон елордалық клубтың қақпашысымен бетпе-бет келіп, айласын асыра алмады. Бұл жолы да «Астана» қақпашысы үздік шықты. 70 минутта Эссамменің тамаша пасынан кейін Бауыржан Жолшиев қорғаушы мен қақпашыны сан соқтырып, таблодағы нәтижені 0:3-ке жеткізді. 83 минутта алаң иелері қатарынан Борхес екінші сары қағазын алып алаңнан қуылды. Одан кейінгі сәттерде нәтижеге өзгеріс енбеді.

«АИК» — «Астана» 0:3 

Голдар: Фокси 36 (0:1), Шомко 54 (0:2), Джолчиев 71 (0:3)

Ескерту алғандар: Борхес 68, 84 — Аничич 33, Жуков 52

Алаңнан қуылды: Борхес 84

«АИК»: Карлгрен, Карлссон, Юханссон, Милошевич, Борхес, Моро, Лундхольм, Юнссон-Салетрос (Игбоананике 46), Лоренцсон (Атакора 75), Карикари, Гойтом (Николич 75)

«Астана»: Эрич, Дмитренко, Аничич, Бейсебеков, Постников, Фокси (Мұжықов 87), Нөсербаев(Твумаси 63), Жуков, Эссам, Шомко, Жолшиев (Курдов 85)

Бас төреші: Михаил Кукулакис (Грекия)

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz