Қанат Ислам 7 тамыз күні рингке шығады

О Сансызбай Корреспондент
Қанат Ислам 7 тамыз күні рингке шығады

Кәсіпқой бокста ел намысын қорғап жүрген қазақстандық боксшылардың бірі Қанат Ислам 7 тамыз күні кезекті кездесуін өткізетін болды. Шаршы алаңдағы жекпе-жек Колумбияның Барранкилья қаласында өтеді.

БӨЛІСУ

Бұл жолы отандасымыздың қарсыласы - колумбиялық Фидел Мантерроса. Осы уақытқа дейін шаршы алаңда 43 кездесу өткізіп үлгерген жергілікті былғары қолғап шебері тәжірбиелі деп қарауға болады. Фидел 32 жекпе-жегінде қарсыласына мықтылығын танытып, 1 кездесуін тең аяқтаған. Ал 9 жұдырықтасуда жеңіліс тапқан екен. Ал 2012 жылы кәсіпқой боксқа бет бұрған Қанат Ислам 2 жыл көлемінде 17 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оның 14-інде отандасымыз қарсыласын нокаутқа жіберіп, мерзімінен бұрын аяқтаған.

7 тамыз күні Астана уақытымен таңғы сағат 08.00-де басталатын бұл жекпе-жекті жергілікті арналардың бірі тікелей таратады күтілуде.

Естеріңізге сала кетсек, Қанат Ислам өзінің соңғы жекпе-жегін мамыр айында колумбиялық Франциско Кордероға қарсы өткізіп, кездесудің үшінші раундында жеңіске жеткен болатын. Осы жеңісінің арқасында отандасымыз Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) мамыр айындағы рейтингі бойынша 11-сатыдан 9-сатыға көтерілген-ді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: alaman.kz