"Қазақстан Барысы-2014" - Финалда: Асыл Бәрменов пен Мұхит Тұрсынов

Болат Қосмағамбет Корреспондент
"Қазақстан Барысы-2014" - Финалда: Асыл Бәрменов пен Мұхит Тұрсынов

Жаңа ғана "Қазақстан Барысы-2014" турнирінің финалдық кездесуіне жолдама алған қос палуан белгілі болды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Ақтық белдесуге берілер жолдамана сарапқа салу үшін бірінші болып боз кілемге Асыл "Жас сұңқар" Бәрменов (Қарағанды облысы) пен Дәулетхан "Талас арланы" Жақыпов (Жамбыл облысы) көтерілген еді. Бір-бірін ұзақ барлаған палуандар уақыт өткізіп біраз жүрді. Бұл белдесуде ұпай санымен жеңіске жетуді ойлаған Асыл Бәрменовтің тактикасы ұтымды болып, Қарағанды облысының үміті ақтық кездесудің алғашқы қатысушысы атанды. 

Екінші жартылай финалдық белдесуде Руслан "Сыр барысы" Әбдіразақов (Қызылорда облысы) пен Мұхит "Жалын" Тұрсынов (Шығыс Қазақстан облысы) кім мықтыны анықтады. Негізгі уақытты бір-бірімен арпалысып өткізген палуандар жеңімпазды "қоян-қолтық белдесуде" анықтады. Бұл кезеңде Мұхиттың жолы болып, осылайша ол финалда Асыл Бәрменовке қарсылас атанатын болды.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: total.kz