Зарина Диас «Уимблдонның» төртінші айналымына өтті

Ардақ Құлтай Корреспондент
Зарина Диас «Уимблдонның» төртінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Зарина Диас үш сетке созылған ойында Вера Звонареваны жеңіп, уимблдондық турнирдің төртінші айналымына өтті.

БӨЛІСУ

Лондонда жауып кеткен жаңбырдың себебінен бұл кездесу жарты сағатқа кешігіп басталған еді. Есеп 30:15 болғанда да жаңбыр құйып, ойын тағы бір мәрте тоқтатылды. Нәтижесінде кездесу бес сағаттан соң бірақ қайта жалғасты. Заринаның ендігі қарсыласы румыниялық Симон Халеп.  

Естеріңізде болса Диас Australian Open турниріндегі «үлкен шлемде» Зарина осы Симон Халепке есе жіберіп қойған еді.  

Айта кетейік, бірінші айналымда қазақстандық спортшы франциялық Кристина Младеновичті ұтқан болатын, ал екінші айналымда жарыс жолынан әлемнің 15-ші ракеткасы испаниялық Карла Суарес-Наварроны шығарды. Сонымен қатар, үшінші айналымда Қазақстанның бірінші ракеткасы Ярослава Шведова да өнер көрсетеді. Ярослава АҚШ-тың ракеткасы Мэдисон Кизбен кездеспек.  

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: sport.mail.ru