Надаль «Роллан Гаррос» жеңімпазы атанды

О Сансызбай Корреспондент
Надаль «Роллан Гаррос» жеңімпазы атанды

Үлкен теннистен ерлер арасында Франция ашық біріншілігінің («Роллан Гаррос») финалына шыққан Рафаэль Надаль басты қарсыласы Новак Джоковичтен басым түсті.

БӨЛІСУ

3 сағат 30 минутқа созылған кездесуді әлемнің бірінші ракеткасы сәтті бастай қойған жоқ. Бірінші сетте серб теннисшісінен 3:6 есебімен жеңіліс тапты. Алайда, кейінгі сеттерде Рафаэль Надальдың мысы басым болды. Соңғы үш сет қорытындысында 7:5, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жеткен испандық теннисші «Роллан Гаррос» жеңімпазы атанды. Екеуара кездесулер қорытындысы 23-19 есебімен жеңімпаз пайдасында. Рафа «Үлкен дулыға» санатындағы он төртінші ірі жетістігінің шыңын бағындырды.

Естеріңізге сала кетсек, кеше әйелдер арасында өткен финалдық кездесуде ресейлік Мария Шарапова румын қызы Симон Халепті тізе бүктіріп, жеңімпаз атанған болатын.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com