Қазақстан IIHF рейтингінде орнын сақтап қалды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан IIHF рейтингінде орнын сақтап қалды

Халықаралық хоккей қауымдастығы (IIHF) Беларусь астанасы Минскіде өткен әлем чемпионатынан кейін ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін жариялады. Қазақстан құрамасы үшін бұл бәсеке сәтсіз өтсе де, жерлестеріміз 17-ші орыннан сырғымады.

БӨЛІСУ

Алғашқы үштікте аздаған ауыс-түйістер орын алды. Әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізген Швеция құрамасы бірінші сатыдан қозғалмаса, Финляндия да екінші орнында қалды. Ал үштікке кеше ғана әлем чемпионы атанған Ресей құрамасы көтерілді. Олар финалда финдерден 5:2 есебімен басым түскен болатын.

Қазақстан құрамасы «В» тобында екі ұпай ғана жинап, 7 кездесуінде де жеңіліс тапты. Нәтижесінде жоғарғы дивизионнан бірінші дивизионға қайта оралды. Ал келер жылғы Чехияда өтетін әлем чемпионатының топтық кезеңінің жеребесі де тартылды. 

"А" тобы (Прага): Швеция, Канада, Чехия, Швейцария, Латвия, Франция, Германия, Австрия.

"B" тобы (Острава): Финляндия, Ресей, АҚШ, Словакия, Норвегия, Белорусь, Словения, Дания.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz