Ел кубогының ширек финалына шыққан командалар анықталды

О Сансызбай Корреспондент
Ел кубогының ширек финалына шыққан командалар анықталды

Футболдан ел кубогының 1/8 финалындағы кездесулер мәресіне жетті. Нәтижесінде ширек финалға жолдама алған командалар анықталды.

БӨЛІСУ

Оңтүстіктік дербиде тағы да «Тараз» басым түсті. Өз алаңында «Ордабасыны» ойсырата жеңді. Соңғы турда да Саулюс Ширмялис командасы Тараздан ұпайсыз қайтқан еді. Бұл жолы кубок жолындағы тартыстан тыс қалды.

«Тараз» — «Ордабасы» 3:0 (1:0)
Голдар: Қожамберді 15 (1:0), Уббинк 55 (2:0), Тілешев 63-пенальти (3:0)

Өткен маусымда премьер-лигадан шығып қалған өскемендік «Восток» өз алаңында «Атырауға» қосымша уақытта есе жіберіп алды.

«Восток» — «Атырау» 1:2 қ.у. (0:1, 1:1)
Голдар: Трифунович 5 (0:1), Жанұзақов 83 (1:1), Пархачев 118 (1:2)
Алаңнан қуылды: Ыбыраев 81 («Восток»)

Қостанайлық клуб соңғы минутта ғана «Қыранды» сан соқтыруға шамалары жетті. Дәл осы жолы жеңбесе Вардан Минасян не дер еді?

«Тобыл» — «Қыран» 1:0 (0:0)
Гол: Богданов 90+1 (1:0)

Павлодарлық «Ертіс» ширек финал жолдамасын қиналмай бағындырды.

«Ертіс» — «Қызыл-Жар СК» 3:1 (2:0)
Голдар: Бурзанович 27 (1:0), Бурзанович 32 (2:0), Кенетаев 60 (2:1), Головёшкин 90 (3:1)

Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионда ел чемпиондарын қабылдаған Дмитрий Огай командасы ірі есеппен жеңілді. Соңғы ойындарында сәтті өнер көрсетіп жүрген клубтан бүгін жанкүйерлер тағы бір сенсация күткен-ді.

«Қайсар» — «Ақтөбе» 0:3 (0:0)
Голдар: Зенькович 56 (0:1), Айымбетов 59 (0:2), Коробкин 85 (0:3)

Қарағандылық командалардың текетіресінде «Шахтер» басым түсті.  Өткен маусым кубогының иегерлері бұл сындағы басты фавориттердің бірі.

«Лашын» — «Шахтёр» 0:3 (0:0)
Голдар: Топчагич 65 (0:1), Габышев 68 (0:2), Мұртазаев 75 (0:3)

Астаналық дербидің текетіресінде «Астана» жеңіске жетті.

«Астана» — «Астана-1964» 1:0 (0:0)
Гол: Остапенко 61 (1:0)

Алматылық «Қайрат» өз алаңында төртінші рет қатарынан жеңіске жетті. Бүгін қарағандылық «Гефест» алаң иелеріне қауқар таныта алмады.

«Кайрат» — «Гефест» 3:1 (2:0)
Голдар: Сисей 19 (1:0), Едигарян 37 (2:0), Мұжықов 50 (2:1), Қуантаев 76 (3:1)

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com