Вадим бабында екенін байқатты

О Сансызбай Корреспондент
Вадим бабында екенін байқатты

Бокстан Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының ақтық сынында жұдырықтасқан Вадим Казаков шаршы алаң иелерінің боксшысы Благой Найденовтан «ресми түрде» жеңілді.

БӨЛІСУ

81 келіде бақ сынаған жерлесіміз бабында екенін байқатты. Қарсыласы шаршы алаң боксшысы екенін ұғынып шыққан еліміздің былғары қолғап шебері алғашқы минуттардан-ақ басымдыққа ұмтылды. Жүйені жақсы ұстанған Вадим үш раундта да Благой Найденовты қуып жүріп сабады десек те болады. Қорғанысты ойлаумен жүрген болгарлық боксшы соққыларының дарып жатқаны шамалы еді. Сол шамалы соққылары жарыс қожайындары қоржынына алтын салуына мүмкіндік сыйлады. Ал бокстағы нағыз жекпе-жек жұдырықтасу екенін түсіндірген Вадим Казаков күміс жүлдені иеленді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қазақстан жастар құрамасы 2 алтын 1 күміс қоржынға салған болатын. Жарыстың финалдық кезеңі жалғасуда. Жалпыкомандалық есептің қорытындысы алдағы уақытта белгілі болады.

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com/kazboxing