Қоржынға алғашқы алтын түсті!

О Сансызбай Корреспондент
Қоржынға алғашқы алтын түсті!

Бокстан Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының ақтық сынына шыққан 49 келідегі қазақстандық боксшы Шалқар Айқынбай алтыннан алқа тақты.

БӨЛІСУ

Финалда өзбекстандық боксшы Сүлеймен Латиповпен жұдырық түйістірген жерлесіміз 2:1 есебімен қарсыласына басымдығын танытып, қоржынға алғашқы алтын жүлдені салды. Санаулы минуттардан кейін шаршы алаңға Сұлтан Зауырбек (56 келі), Абылайхан Жүсіпов (60 келі) және Вадим Казаков (81 келі) шығады. Талантты жас боксшыларымызға сәттілік тілейміз.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қазақстан қоржынына қыздар арасындағы бәсекеде Алуа Балқыбекова қола жүлде салған болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com/kazboxing