Хопкинс vs Шүменов кездесуінің видеоанонсы таныстырылды

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Хопкинс vs Шүменов кездесуінің видеоанонсы таныстырылды

19 сәуір күні АҚШ астанасы Вашингтонда жартылай ауыр салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлемнің суперчемпионы, 30 жасар қазақстандық Бейбіт Шүменов IBF алтын белбеуінің иесі, 49 жастағы америкалық Бернард Хопкинспен жұдырық түйістіретін болды. Бұл бокс кешін жаһанға атақты Showtime арнасы таратуды жоспарлап отыр.

БӨЛІСУ

Егер бұл жекпе-жекте Хопкинс жеңімпаз болып танылса, ол кәсіпқой бокс тарихындағы чемпиондық атақтарды біріктірген кездесуде абсолютті чемпион атанған ең қарт боксшы атанбақ. 

Айта кетейік, Бернард Хопкинс кәсіби рингте 64 кездесу өткізіп, оның 54-ін жеңіспен аяқтаған (32 нокаут). Алтауында жеңіліске ұшыраса, 2 кездесу тең аяқталған. Тағы екеуі белгілі себептерге байланысты өтпей қалды. Америкалық боксшы спорттық мансабын 1988 жылы бастаған. Ол кезде қазақстандық бар-жоғы бес жаста болған екен.  

«19 сәуір күні бокс жанкүйерлері менің әлемдік бокста алар орнымның бар және жартылай ауыр салмақтағы ең үздік чемпионы екеніме көздері толық жететін болады. Осымен өзімді бүкіл әлемге паш ететін уақыт келді деп ойлаймын. Бұл жекпе-жекті өткізу үшін көптеген қиындықтарды басымнан өткірдім, енді тек шеберлігімді көпшілік алдында дәлелдеу ғана қалды»,-деп жазады Бейбіт Шүменов сөзіне сілтеме жасаған EastSideBoxing.com.

Осыған дейін болған баспасөз маслихатында Шүменов «қарсыласын нокаутқа түсіру» оның жоспарында жоқ екенін, керісінше он екі раундқа белгіленген жекпе-жектің әр үш минуттығын өз пайдасына шешу үшін барын салатынын мәлімдеген еді. Ал Хопкинс болса, қазақстандық боксшыдан міндетті түрде басым түсетініне сенім білдірді.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: vesti.kz