Криштиану Роналду әлемнің ең бай футболшысы атанды

Шерхан Талап Корреспондент
Криштиану Роналду әлемнің ең бай футболшысы атанды

Португалия құрамасының және мадридтік «Реалдың» үздік ойыншысы Криштиану Роналду Goal.com сайтының жүргізген сараптамасы бойынша әлемдегі ең бай футболшы болып танылды.

БӨЛІСУ

Былтырғы жылы бірінші орынды спорттық карьерасын аяқтаған танымал футболшы Дэвид Бекхэм иемденген болатын. Бұл жолы португалдық футболшының жалпы байлығы 148 миллион евроны көрсетіп, оны бірінші орынға шығарып тұр. Тізімнің екінші сатысында аргентиналық Лионель Месси тұр. Мессидің жалпы байлығы 146 миллион евроны құрайды. Үшінші орын «Челсидің» үздік ойыншысы Самюэль Это'О-ға бұйырды. Оның байлығы 85 миллион евроға жетіп жығылады.

Goal.com порталы анықтаған әлемдегі ең бай 10 футболшы:

1. Криштиану Роналду («Реал Мадрид») – 148 миллион евро

2. Лионель Месси («Барселона») – 146 миллион евро

3. Самюэль Это′О («Челси») – 85 миллион евро

4. Уэйн Руни («Манчестер Юнайтед») – 84 миллион евро

5. Кака («Милан») – 82 миллион евро

6. Неймар («Барселона») – 80 миллион евро

7. Роналдиньо («Атлетико Минейро») – 78 миллион евро

8. Златан Ибрагимович («ПСЖ») – 69 миллион евро

9. Джанлуиджи Буффон («Ювентус») – 63 миллион евро

10. Тьерри Анри («Нью-Йорк Ред Буллс») – 57 миллион евро.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: eurosport.ru