Пуйоль «Барселонадан» кетпек

О Сансызбай Корреспондент
Пуйоль «Барселонадан» кетпек

Каталондық «Барселона» командасының капитаны Карлес Пуйоль жақын арада MLS біріншілігіне ауысатыны жайлы шешім қабылдағаны туралы ақпарат тарауда. Бұл туралы клубтың твиттердегі жеке парақшасы хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

35 жастағы қорғаушы жақын арада спорттық мансабын аяқтамайтын көрінеді. Ол өзінің жасыл алаңдағы шеберлігін Америка мен Канада жерінде тағы бір дәлелдегісі келеді екен. «Барселонаның» көп ойындарына шыға алмай жүрген футболшыны соңғы кезде жарақат шыр айналдырып алғандай. Футболшы мен команда келісімшарты негізінен 2016 жылы аяқталады. Десе де маусым соңына қарай қорғаушы клубтан кетуді жөн санауда.

Естеріңізге сала кетсек, каталондық командадан MLS біріншілігіне ауысқалы отырған Карлес Пуйоль алғашқы футболшы емес. 2010 жылы қорғаушы Рафаэль Маркес пен шабуылшы Тьери Анри мұхиттың арғы жағындағы жасыл алаңда доп тебуге жол тартқан болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: gazeta.ru