Еуро-2016 іріктеу жеребесі тартылды

О Сансызбай Корреспондент
Еуро-2016 іріктеу жеребесі тартылды

Футболдан 2016 жылғы Францияда өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу сынындағы жеребе жаңа ғана Ницца қаласында аяқталды. Қазақстан құрамасы "А" тобында өнер көрсетеді. Алғашқы іріктеу кезеңінің ойындары қыркүйек айында басталады.

БӨЛІСУ

"А" тобы:

 Нидерланды, Қазақстан, Исландия, Латвия, Түркия, Чехия; 

"В" тобы:

 Босния, Андорра, Кипр, Уэльс, Израиль, Бельгия;

"С" тобы:

 Испания, Люксембург, Македония, Беларуссия, Словакия, Украина;

"D" тобы:

 Германия, Гибралтар, Грузия, Шотландия, Польша, Ирландия;

"Е" тобы:

 Англия, Сан-Марино, Литва, Эстония, Словения,Швейцария;

"F" тобы:

 Грекия, Фарер аралдары, Солтүстік Ирландия, Финляндия, Румыния, Венгрия: 

"G" тобы:

 Ресей, Лихтенштейн, Молдова, Черногория, Австрия, Швеция;

"H" тобы:

 Италия, Мальта, Әзірбайжан, Болгария, Норвегия, Хорватия;

"I" тобы:

 Португалия, Албания, Армения, Сербия, Дания;

54 ұлттық құрама іріктеу сынына түсетін аламанда, әр топтың бірінші және екінші орын алған ұжымдары автоматты түрде Еуропа чемпионатына жолдама алады. Топтар арасында үздік көрсеткішпен үштікті қорытындылаған құрама да осы қатардан табылмақ. Қалған сегіз ел құрамасы 4 жолдамаға талас жүргізетін болады. Тағы да айта кететін жайт, 2016 жылғы Еуропа чемпионатында 24 команда бақ сынайды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com