Дэвис Кубогы. Швейцария құрамасы Қазақстанды қабылдайды

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Дэвис Кубогы. Швейцария құрамасы Қазақстанды қабылдайды

Ерлер арасындағы теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогы аясындағы матча Швейцарияға қарсы хард кордында ойтайтын болды. Бұл жөнінде ҚР теннис Федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды.

БӨЛІСУ

Кездесу Швейцарияның Женева қаласындағы Palexpo спорт кешенінде 4-6 сәуір аралығында өтеді деп жоспарланған. Естеріңізге сала кетсек, 2010 жылы Қазақстан мен Швейцария құрамалары Дэвис Кубогы аясында жолығып, сол кездегі Қазақстанда өткен матчта отандастарымыз 5:0 есебімен басым түскен болатын. Сол ойыннан кейін еліміздің теннисшілері Әлемдік топта өнер көрсетіп келеді.

Алайда бұл жолы біздің ойыншыларға оңай соқпасы анық. Себебі Швецария сапында соңғы өткен Аустралия ашық біріншілігінің жеңімпазы Станислав Вавринка мен әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Роджер Федедер өнер көрсетеді деп күтілуде.

Одан бөлек, қазірдің өзінде қос команда арасындағы матчқа арналған билеттердің құны да белгілі болып отыр. Сонымен ширек финалдық кездесуді тамашалау үшін жанкүйерлер 174 пен 269 швейцар франкіне (36 160 - 56 000 мың теңге) шығындалады.

Айта кетейік, ширек финалдық кезеңге жолдама алар алдында Қазақстан теннисшілері Астана қаласында Бельгия құрамасын 3:2 есебімен ұтқан болса, Швейцария командасы дәл осындай есеппен Сербиядан басым түсті.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: zonakz.net