Дзюдодан ел чемпионаты аяқталды

О Сансызбай Корреспондент
Дзюдодан ел чемпионаты аяқталды

Кеше Өскеменде дзюдодан Қазақстан біріншілігі аяқталды. Бұл туралы ҚР дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр. Ендеше сіздерді еліміздің жаңа чемпиондарымен таныстырамыз.

БӨЛІСУ

Әйелдер 

48 келіге дейінгі с/д:

1. Айгүл Байқұлова (Ақтөбе облысы)

2. Александра Подрядова (ОҚО)

3. Кәмшат Қарасайқызы (Маңғыстау облысы), Дарья Лунова (Павлодар облысы)

52 келіге дейінгі с/д:

1.Олеся Куценко (Маңғыстау облысы)

2.Ленария Мингазова (Жамбыл облысы)

3.Әсел Қайсарова (Алматы) және Айкүнім Түйтекова (Алматы облысы)

57 келіге дейінгі с/д:

1.Назгүл Құбашева (Атырау облысы)

2.Севара Нишанбаева (ОҚО)

3.Әйгерім Әбділқадырова (Астана) және Айжан Болат (Қызылорда облысы)

63 келіге дейінгі с/д:

1.Мариан Ордабаева (Алматы)

2.Жанар Қашқын (Алматы)

3.Анар Жұмабаева (ШҚО) және  Ақерке Мырзабек (Қызылорда облысы )

70 келіге дейінгі с/д:

1.Қалжан Тайжанова (ШҚО)

2.Зәмзәгүл Файзолланова (Алматы)

3.Ділбар Өміралиева (Қарағанды облысы) және Динара Құдарова (Қызылорда облысы)

78 келіге дейінгі с/д:

1.Альбина Амангелдиева (ОҚО)

2.Анар Сейтімова (Ақтөбе облысы)

3.Әлия Жылқыбаева (Астана) және Зарина Ройфова (Алматы)

78 келіден жоғары с/д:

1.Роза Доқтырбаева (Жамбыл облысы)

2.Зарина Байбатина (Павлодар облысы)

3.Зарина Әбдірасылова (ОҚО) және Алмагүл Қошина (Павлодар облысы)

Абсолютті салмақ дәрежесі:

1. Зарина Ройфова (Алматы)

2. Динара Құдарова (Қызылорда облысы)

3. Нәзира Ержанова (Павлодарская облысы), Қалжан Тайжанова (ШҚО).

 Ерлер

 

60 келіге дейінгі с/д:

1. Ғабит Есімбетов (ОҚО)

2. Ғұмар Қырғызбаев (Алматы)

3. Ғұсман Қырғызбаев (Алматы), Аманхан Өскенбаев(ОҚО).

66 келіге дейінгі с/д:

1.Жансай Смағұлов (Қарағанды облысы)

2.Ғалымжан Әбдірахманов (Қызылорда облысы)

3.Ілияс Измагилов (ШҚО) және  Бақдаулет Сәбитов (ОҚО)

73 келіге дейінгі с/д:

1.Дастан Ықыбаев (ШҚО)

2.Азамат Мұқанов (БҚО)

3.Ертуған Төренов (Жамбыл облысы) және Еркебұлан Қанафин (Қарағанды облысы)

81 келіге дейінгі с/д:

1.Әзиз Қалманұлы (Жамбыл облысы)

2.Әділет Мисин (Ақтөбе облысы)

3.Ержан Абдулаев (Қызылорда облысы) және  Фархад Розақұлов (Алматы)

90 келіге дейінгі с/д:

1.Тимур Болат (Астана)

2.Айбол Айтбек (Жамбыл облысы)

3.Бекзат Мұрат (Алматы) және  Мақсат Исақабылов (Қызылорда облысы)

100 келіге дейінгі с/д:

1.Максим Раков (Қарағанды облысы)

2.Әділхан Қозыбаев (Қызылорда облысы)

3.Талғат Әмренов (ШҚО) және Олжас Шынкеев (Қарағанды облысы)

100 келіден жоғары с/д:

1.Ержан Шынкеев (Қарағанды облысы)

2.Руслан Әбдіразақов (Қызылорда облысы)

3.Сәулет Әбдісалықов (ОҚО) және Дәурен Нұралинов (ШҚО).

Абсолютті салмақ дәрежесі:

1. Дәурен Нұралинов (ШҚО)

2. Әлібек Зекенов (Астана)

3. Виссарион Баркалая (Қарағанды облысы), Саят Шәмшиев (Алматы облысы).

Биылғы ел чемпионатына Ислам Бозбаев, Елдос Сметов пен Гүлжан Исанова сынды танымал спортшыларымыз қатысқан жоқ. Сондай-ақ, ұлттық құрамадағы бірінші нөмірлі балуандардың кейбірі өз салмақтарына белдеспеді. Мәселен, Сергей Лим мен Азамат Мұқановтар әдеттегідей 66 келіде емес, 73 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап көрді. Алайда, 29 қараша күні Токиода өтетін «Үлкен Дулыға» лицензиялық турнирінде балуандар өз салмақтарына қайта оралады.

Өскемендегі ел біріншілігінде Шығыс Қазақстан облысының спортшылары 3 алтын және 5 қола медальмен жалпыкомандалық есепте топ жарды.  3 алтын, 4 қола медаль иеленген Қарағанды облысы екінші орында. Үздік үштікті 2 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль жеңіп алған Алматы қаласының дзюдошылары қорытындылап тұр.

1.     Шығыс Қазақстан облысы: 3-0-5

2.     Қарағанды облысы: 3-0-4

3.     Алматы: 2-2-5

4.     Оңтүстік Қазақстан облысы: 2-2-4

5.     Жамбыл облысы: 2-2-1

6.     Ақтөбе облысы:  1-2-0

7.     Астана: 1-1-2

8.     Маңғыстау облысы: 1-0-1

9.     Атырау облысы: 1-0-0

10.  Қызылорда облысы: 0-4-5

11.  Павлодар облысы: 0-1-3

12.  Алматы облысы:  0-1-2

13.  Батыс Қазақстан облысы: 0-1-0

Қазақстан біріншілігінің барлық жүлдегерлері ұлттық құрама сапына енеді. Штаттағы ұлттық командалар дирекциясы бекіткен, 2014 жылы өнер көрсететін ұлттық құраманың толық тізімі желтоқсан айында белгілі болмақ.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: confederation.kz