Әлем чемпионаты жолдамасы бұйырды

О Сансызбай Корреспондент
Әлем чемпионаты жолдамасы бұйырды

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2014 жылы Италияда өтетін Әлем чемпионатына жолдаманы жеңіп алды.

БӨЛІСУ

Қытайдың Чжэнжу  қаласында өткен турнирде Александр Гутор баптайтын волейболшы қыздарымыз екінші сатыдан көрінді. Олар тек 30 қыркүйек күні жарыс иелеріне ғана есе жіберіп алған-ды. Ал жаңа ғана Оңтүстік Корея әйелдер құрамасы қытай қыздарына 3:0 есебімен жеңілді. Осылайша екінші жолдама Қазақстан әйелдер құрамасына бұйырды. Ал осыған дейін Сана Жарылғасова бастаған волейболшы қыздарымыз үнді қыздарынан 3:0 (25:9, 25:19, 25:11) есебімен басым түскен болатын. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.nur.kz