FIFA 21 ойыны қашан шығады?

FIFA 21 ойыны қашан шығады?
Фото: twitter.com

Канаданың EA Sports компаниясы биыл шығатын FIFA 21 және Madden 21 ойындарының алғашқы трейлерін жариялап үлгерді. Әсіресе футбол ойынын күтіп жүргендер қатары көп екені даусыз.

Жаңа FIFA 21 ойыны 9 қазан күні шығады деп күтілуде. Тіпті бір апта алдын шығуы да мүмкін. Себебі дәстүрлі түрде қыркүйек айының соңғы аптасында көпшілікке ұсынылатын.

Егер ойынға 14 тамызға дейін алдын ала тапсырыс берілсе, бірнеше арнайы бонустар беріледі. FIFA 21 ойынын PlayStation 4, Xbox One, PC және Switch арқылы ойнауға болады. Одан кейін PS5 және Xbox Series Х үшін де қолжетімді болмақ.

FIFA 21 жайлы өзге де ақпараттар тамыз айында жарияланады.

Н. Үсенова