Sony компаниясы PlayStation 5 геймпадын таныстырды

Sony компаниясы PlayStation 5 геймпадын таныстырды
Фото: blog.us.playstation.com

Sony компаниясы twitter желісіндегі парақшасында PlayStation 5-ке арналған жаңа геймпадын таныстырды. Оған DualSense деген атау берілген.

Ойынның жаңа контроллері осыған дейінгі DualShock 4-ке формасы жағынан ұқсас. Бірақ айтарлықтай айырмашылықтар енгізілген. Корпусы ақ түсті, қара түсті жолақтары бар. Геймпад алдына Create батырмасы қосылған. Бұл батырма Share-ді алмастырады және жаңа мүмкіндіктерін жүзеге асырады.

Options батырмасы қалыпты орнында қалған. Ал үстіндегі жарық панелі алынып тасталған. DualSense-те вибрация жетілдіріле түскен. Сондай-ақ микрофонмен жабдықталған. Достармен сөйлесіп отыруға мүмкіндік береді.

Ал компания кейінге шегермейтін болса, PlayStation 5 консолы күзде таныстырылады.

 
Н. Үсенова