Microsoft компаниясы Mixer стриминг сервисі жұмысын тоқтатады

Microsoft компаниясы Mixer стриминг сервисі жұмысын тоқтатады
Фото: blog.mixer.com

2020 жылдың 22 шілдесінде Microsoft корпорациясы Mixer стриминг сервисі жұмысын тоқтатады. Компания серіктестері мен стримерлерін Facebook Gaming платформасына ауыстыруды жоспарлауда.

Mixer стриминг сервисі жоспарлы межесіне жетпеген. Twitch, YouTube және Facebook Gaming платформаларына бәсекелес бола алмады.

- Mixer серіктестері мен стримерлерінің жетістігі біздің жылдам әрі белсенді жұмыс жасауымызға байланысты болды. Бірақ геймерлер ортасын қалыптастыру жолындағы жұмыс Microsoft және Xbox күткендей болмады, - делінген ресми хабарламада.

22 шілдеден бастап Mixer сайты мен қосымшасы қолданушыларын Facebook Gaming платформасына бағыттайды. Сервис серіктестері де жаңа платформаға ауысады.

Mixer стриминг сервисін дамытуға күш салып жүрген кей стримерлер Facebook Gaming-ке ауысып, Level Up мәртебесін алады. Ал Тайлер Блевинс (Ninja), Кори Майкл (King Gothalion) және Михаил Гжесек (Shroud) сынды стримерлермен келісімшартын үзеді. Twitch сервисінде танымал болған Ninja Mixer-ге 2019 жылдың тамыз айында ауысып келген еді.

Microsoft компаниясы Facebook Gaming платформасын стратегиялық тұрғыдан таңдап отыр. Серіктестік байланысты арттыра отырып, Facebook Gaming-ке xCloud енгізбек. Ол арқылы платформа қолданушылары өзгелердің ойынын бақылап және қосыла да алады.

Mixer стриминг сервисі бастапқыда Beam деп аталған. Кейіннен аты өзгертілді. 2016 жылы Джеймсом Бём мен Мэтью Салсаменди ашқан. Сол жылы Microsoft сатып алып, Xbox-тың бір бөліміне айналдырған-ды.

Н. Үсенова