Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әлем чемпионатынан оралғаннан кейін екінші матчінде дубль жасады. Оның голы Лигалар кубогы топтық кезеңіндегі "Атлетико Сан-Луиске" қарсы ойында жеңіс сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Sport-қа сілтеме жасап.
"Интер Майами" мен "Атлетико" арасындағы кездесу 6 тамызға қараған түні Майамиде өтіп, 4:2 есебімен Мессидің командасының жеңісімен аяқталды.
39 жастағы аргентиналық шабуылшы 11-минутта айып алаңынан соққы бағыттап, командалық комбинацияны түйіндесе, есеп 2:1 болған тұста тағы бір гол соғып, жеңісті еселеді.
Айта кетейік, 20 шілдеде Месси ӘЧ финалында Испанияға қарсы 120 минут ойнаған болатын. Екі аптадан соң аргентиналық спортшы "Коламбус Крюге" қарсы матчке шыққанымен, нәтижелі іс-әрекетімен көзге түсе алмады.
"Атлетико" қақпасына соғылған голдар Лионель Месси үшін әлем чемпионаты аяқталғаннан кейінгі алғашқы голдар болды.
Еске салайық, ӘЧ-2026 финалы Испания құрамасының жеңісімен аяқталған болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!