Жанкүйерлер ең көп жиналатын стадиондар

Жанкүйерлер ең көп жиналатын стадиондар

1. Сангам Сэдиум

Орташа есеппен көрермендер саны: 51 606

Кореяның Сеул қаласында орналасқан стадион 2002 жылғы Әлем чемпионатына арнайы салынған. Сангам стадионында Әлем біріншілігінің 3 кездесуі өткен. Бұл жерде жергілікті "Сеул" футбол командасы өнер көрсетеді

 2. Имтех Арена

Орташа есеппен көрермендер саны: 54 185

Бұл стадионның тарихи аты - "Фолькспаркштадион". Истех Арена бес жұлдызды стадиондардың бірі. Өткен жылы Еуропа Лигасының финалдық кездесуін қабылдаған. "Гамбург" футбол клубы өз алаңдарында ойындарын осы стадионда өткізеді.

3. "Джузеппе Меацца"

Орташа есеппен көрермендер саны: 59 018

Бұл Милан қаласындағы қос бірдей алып "Интер" және "Милан" командасының стадионы. Сондықтанда қос миландық команда кездесулерін өз алаңдарында өткізбейді. 

4. "Эмирейтс"

Орташа есеппен көрермендер саны: 60 018

Ағылшындық "Арсенал" командасның су жаңа стадионы. Негізі бұл стадионның құрылысы 90-жылдары басталады деп жоспарланған еді. Бірақ түрлі себептерге байланысты құрылыс 2005 жылы бітті.

5. Фелтинс Арена

Орташа есеппен көрермендер саны: 61 364

"Шальке" командасының стадионы. Соңғы екі жылда бұл стадионның төбесі екі мәрте құлаған. Дегенмен, жанкүйерлер әр ойын сайын командасын қолдауға келеді. Мәселен, "Шальке" командасының соңғы ойынында бұл стадионға 77803  адам жиналған. 

6. Альянц Арена

Орташа есеппен көрермендер саны: 69 000

"Бавария" және "Мюнхен-1860" командасының стадионы. 

7. Сантьяго Бернабеу

Орташа есеппен көрермендер саны: 71 533

Бұл стадионның құрылысы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде басталған. 1954 жылы стадионның сыйымдылы 125 мың адам болған. 

8. Олд Траффорд

Орташа есеппен көрермендер саны: 74 978

Бұл әлемдегі ең мықты командалардың бірі - "Манчестер Юнайтедтың" стадионы. Команданың жетекшілері - Глейзерлер жанұясы. Сыйымдылығы жағынан Еуропа жеріндегі ең мықты алаңдардың бірі болғанымен, "Олд Траффордта" соңғы он жыл көлемінде ешқандай дүбірлі дода өткен жоқ.

9. Сигнал Идуна Парк

Орташа есеппен көрермендер саны: 78 802

Бұл стадионды 1970 жылғы Чемпиондар Лигасын қабылдау үшін салған. Дортмундтық "Боруссия" командасының алаңы. 

10. Камп Ноу

Орташа есеппен көрермендер саны: 79 458

Еуропадағы ең үлкен стадион. Қазірдің өзінде стадион 80 мыңдай жанкүйерді бір сәтте-ақ құшағына сыйдыра алады. Дегенмен 2008 жылы стадионды 106 мың жанкүйер сыятындай етіп қайта жасау туралы мәселе көтеріліп жүр.

Дайындаған: Әкежан

Сурет: kurs.ru

Ю. НИКУЛЛИН