Орегонда (АҚШ) 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Әлем біріншілігінің алғашқы күнінде қазақстандық Анна Черкашина сырықпен секіруден іріктеу кезеңінен сәтті өтті.
Отандасымыз 4,10 метр нәтиже көрсетіп, әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Осылайша ол U20 жас санатында Қазақстан рекордын жаңартты.
Айта кетейік, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша финалда үздік 13 спортшы бақ сынайды. Шешуші жарыс 8 тамызда өтеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!