Еуропа чемпионатының ең үздік голы анықталды (видео)

Еуропа чемпионатының ең үздік голы анықталды (видео)
Фото: sportal.co.nz

Футболдан Францияда өткен Еуропа чемпионатының ең үздік голы анықталып, бұл марапатқа Венгрия құрамасының жартылай қорғаушысы Золтан Гера ие болды. Бұл туралы УЕФА ресми сайты хабарлады.

Золтан Гераның Еуропа чемпионы атанған Португалия құрамасының қақпасына соққан голы үздік деп танылды. Ол бұл голын айып алаңының сыртынан соққан болатын.

Айта кетейік, Венгрия құрамасы топтық кезеңде сәтті өнер көрсетіп, плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шыққан еді. Алайда 1/8 финалда Бельгия құрамасына 4:0 есебімен ұтылған-ды.

Ө. Сансызбай