Массагет бәйгесі. Жеңісті құраманы табуға асығыңыз

Массагет бәйгесі. Жеңісті құраманы табуға асығыңыз
Фото: sq.com.ua

Еуропа чемпионатының топтық кезеңі жалғасын табады. Жасыл алаңға шығып, шама келсе қарсыласын топтан шығаруға барын салатын "С" тобының мықтылары бүгінгі кездесуде тартынып қалмасы анық. Украина мен Польша құрамалары бір-бірінің осал жерін табуға тырысса, неміс машинасы Солтүстік Ирландияның тосқауылын бұзып өтуге күш салады. 

Украина – Польша

Германия мен Солтүстік Ирландия құрамаларынан тізе бүккен украиналықтар үшінші турда Поляктармен кездеседі. Бүгінгі ойында Украина командасының қаншалықты белсенді ойнайтыны тағы белгісіз. Өткен екі ойыннан бірде-бір ұпайды еншілей алмаған спортшылар тезірек ауылдарына асыққан сыңай танытып жатыр. Солтүстік Ирландиядан басым түсіп, Германиямен ұпай бөліскен Поляктардың қазіргі жағдайы жаман емес. Егер ұрымтал сәттерді ұтымды пайдаланып қарсыластың қақпасын тура дәлдей білсе келесі турға өтуіне мүмкіндік жетерлік. 

Бұл ойынға Букмекерлік орталықтар Украина құрамасының жеңісіне – 4,57; ал тең ойынға – 3,33; Польша құрамасының жеңісіне – 1,98 коэффициент беріп отыр. 

Солтүстік Ирландия – Германия

Неміс машинасы әзірге сынбай келеді. Өздерінің алға қойған жоспарларын ақырындап орындап, аз есеппен топ басында тұр. Украинаны 2:0 есебімен жеңген Йоахим Лёв шәкірттері поляктарға қарсы ойдағыдай ойын өрнегін көрсете алмады. Есесіне тең нәтижеге қол жеткізді. Барлығын бағамдап, жылдамдықты арттыратын уақыт келгенде ештеңеге қарамайтын Германия құрамасының таңғалдырарлық ойын көрсететінін барлығы біледі. Соңғы әлем чемпионатында Бразилияны тас-талқан еткен команданың ашуына тиіп ойнаудан көп құраманың қорқатыны анық. Солтүстік Ирландиялықтар да бүгін қарап қалмасы сөзсіз. Қанша есімінен ат үркитін алпауыт команда болса да, жүрегінде түгі бар шабуылшылар Германияның қақпасына допты оқша борататыны белгілі. Соңғы ойындарына бақылау жүргізіп, бүгінгі ойынның басты фавориті Германия деген ұстанымды берік ұстанғандар көп. Көп гол көрінбей жатқан Еуропа чемпионатының бүгінгі ойынында да тең есеп тіркеліп қалуы ғажап емес.

Букмекерлік орталықтар Солтүстік Ирландия құрамасының жеңісіне – 11; ал тең ойынға – 5,12; Германия құрамасының жеңісіне 1,36 коэффициент беріп отыр. 

B. ZHAQSYMBET