Массагет бәйгесі. Жеңіс сыйлар жорамал жаса

Массагет бәйгесі. Жеңіс сыйлар жорамал жаса
Фото: mediasat.info

Әміре әндеткен Франция еліндегі Еуропа чемпионатының кезекті үш ойыны бүгін өтпек. Чемпионаттың фавориті саналатын Испания құрамасы хорваттардан жеңілген Түркия құрамасымен 90 минут бойы күш сынасатын болады.

Испания – Түркия

Еуропа чемпионатының кубогына үміткер болуға фаворит саналатын Испания құрамасы алғашқы ойынын сәтті бастады. Чехия құрамасына бір гол салып жеңісті қанжығасына байлаған қызыл фурия жігіттеріне, бүгін аянбай тер төгуге тура келеді. Себебі Хорваттардан жеңілген қызу қанды түріктер бұл ойында барын салары анық. Арда Тұран бастаған он бір жігіт жасыл алаңда жасындай жарқылдап, чемпионатқа бекер келмегенін дәлелдеп бағады. Сарапшы мамандардың пікірі бойынша, испаниялықтар бүгін тағы да жеңіске жетуі тиіс. Алайда, көптің айтқаны емес, доптың қай команданың қақпасында болуы маңызды.

Букмекерлік орталықтар ойында Испания құрамасының жеңісіне – 1,52, тең ойынға – 4,26, түріктердің жеңісіне 8 коэффициент беріп отыр.  

Италия – Швеция

Ұзақ жылдан бері сабырлы ойынымен көзге түсіп келе жатқан Италия құрамасы әзірге Белгия құрамасын екі доп айырмасымен жеңіп, алда келеді. Айтарлықтай ойын өрнегін көрсетпесе де аз есеппін турнирлердің біраз сатысын бағындырып, тіпті жеңімпаз атанып жатқан италия құрамасы шведтерге қарсы ойын өткізбек. Златан Ибрагимович бастаған жігіттер келген мүмкіндікті барынша ұтымды пайдалануға тырысады. 

Сарапшылардан бөлек букмекерлік орталықтар ойында Италия құрамасының жеңісіне – 1,98, тең ойынға – 3,29, шведтердің жеңісіне 4,72 коэффициент берген екен.  

Чехия – Хорватия

Испания құрамасынан жеңілген Чехия құрамасы хорваттарға қарсы қызу дайындық үстінде. Бүгін чехтар үшін шешуші ойын. Себебі, бүгін жеңісті Хорватия құрамасының қолына ұстатқан жағдайда, турнирді ары қарай жалғастыруға мүмкіндік тым аз. Ал, түріктердің шабуылына тосқауыл қойып ұтымды сәттің бірінде жеңіске жеткізер голды салған Хорватия құрамасы бүгін тағы да жеңіске жетеді дегендер жетерлік.

Букмекер орталықтары ойында Чехия құрамасының жеңісіне – 4,38, тең ойынға – 3,31, шведтердің жеңісіне 2,04 коэффициент берген екен.  

Аталған құрамалардың ойындары әдеттегідей уақыт бойынша басталады. 

B. ZHAQSYMBET