Франция құрамасы бірінші болып топтан шықты (видео)

Франция құрамасы бірінші болып топтан шықты (видео)
Фото: vk.com

Футболдан Еуропа чемпионатында бірінші болып Франция құрамасы топтан шықты. Алаң иелері екінші ойында Албания құрамасын соңғы минуттарда сан соқтырып кетті.

90 минут бойы Франция құрамасына гол соқтырмаған Албания құрамасы соңғы минуттарда 1 ұпайды қолдан шығарып алды. Кингсли Команды алмастырған Антуан Гризманн бірінші болып есеп ашса, қосымша уақытта Димитри Пайе албандар қақпасында екінші рет допты тулатты. Сондай-ақ ойынның ең үздік ойыншысы атанды.

Дмитри Пайе Албания құрамасына гол соғу арқылы Еуропа чемпионатындағы үздік сұрмергендер көшін бастады. Ол бірінші ойында Румыния құрамасының қақпасына гол соғып, командасына жеңіс сыйлаған болатын.

Айта кетейік, «А» тобындағы екінші ойында Румыния мен Швейцария құрамалары арасындағы ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. 

Ө. Сансызбай