Суарес: "Джеррард - ұлы футболшы"

Суарес: "Джеррард - ұлы футболшы"

Ағылшын премьер-лигасының Ливерпуль құрамасы сапында 11 голдың авторы атанып үлгерген уругвайлық Суарес Англияға келместен бұрын PlayStation ойынында Джеррардты "басқарғанын" айтады. 

"Джеррардтың қандай ұлы ойыншы екенін айтуға ешқандай сөз жетпейді. Осыдан төрт жыл бұрын мен SonуPlaystation ойынында Луверпуль сапында ойнап жүрдім. Сол кезде Джеррардты басқарудың өзі бір ғанибет еді. Ал қазір екеуміз бір клубтамыз, таңқаларлық жағдай",-дейді Суарестің сөзін келтірген Ливерпульдың ресми сайты. 

Сондай-ақ, Суарес Ливерпульде ойнау ол үшін үлкен бақыт және өзін дәлелдейтін үлкен мүмкіндік екенін де айта кетті.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz

Б. Қосмағамбет