Швецияны ұтқан Англия жартылай финалға шықты

Швецияны ұтқан Англия жартылай финалға шықты
Фото: Reuters©

Футболдан Англия ұлттық құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Олар ширек финалда Швеция құрамасын 2:0 есебімен айқын ұтты.

Ағылшындар сапынан ойындағы алғашқы голды 30 минутта Харри Макгуайр соқты. Ол Эшли Янгтың бұрыштамадан асырған добына бірінші жетіп, баспен қақпаға тура бағыттады. Бұл допты қақпашы Ольсен қайтарып үлгермеді.

Ойындағы екінші голды 59 минутта Делле Алли соқты. Джесси Лингардтың тамаша пасын голға айналдыра білді. Бұл тұста да қақпашы Ольсен Аллидің баспен бағыттаған добын қайтаруға қауқарсыз болды.

Жартылай финалда Англия құрамасы Ресей және Хорватия құрамаларының жеңгенімен кездеседі.

Ө. Сансызбай