Бразилия құрамасы ширек финалға шықты

Бразилия құрамасы ширек финалға шықты
Фото: vesti.kz

Футболдан Бразилия ұлттық құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Пентакампеондар 1/8 финалда Мексика құрамасын ұтты.

Самарада өткен ойында Бразилия құрамасы 2:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Екі голды да екінші таймда соқты. 51 минутта Вилланның пасынан кейін Неймар есеп ашса, ойынның аяқталуына 2 минут қалғанда Фирмино есепті еселеді.

Тите жаттықтыратын селесао ширек финалда Бельгия және Жапония құрамаларының жеңгенімен кездеседі.

Н. Үсенова