Франция 1/8 финалға жолдама алды

Франция 1/8 финалға жолдама алды
Фото: vk.com

Футболдан Франция ұлттық құрамасы "С" тобында екі ойыннан кейін-ақ 1/8 финалға жолдама алды. Ал екінші ойын қатарынан ұтылған Перу құрамасы мундиальды топтық кезеңде аяқтайды.

Екатеринбургте өткен ойында француздар Оңтүстік Америкадан келген құраманы 1:0 есебімен ұтты. Ойында еуропалық құрамаға жеңіс сыйлаған голды 34 минутта Килиан Мбаппе соқты. Сондай-ақ Килиан Франция құрамасы сапында әлем чемпионатында гол соққан ең жас ойыншы атанды. Қазір футболшының жасы 19-да. Осыған дейін бұл рекорд 1998 жылы 20 жасында әлем чемпионатында гол соққан Давид Трезегеге тиесілі болып келген еді.

"С" тобындағы соңғы турда плей-оффқа жолдама алған Франция мен 4 ұпайы бар Дания құрамалары кездеседі. Ал 1 ұпайы Аустралия құрамасы Перуді ұту үшін барын салатын болады. Ойындар 26 маусымға жоспарланған. Екі кездесу де Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.

Ө. Сансызбай