Ресей алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

Ресей алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты
Фото: vk.com

Футболдан әлем чемпионатының "А" тобындағы Уругвай мен Сауд Арабиясы құрамалары арасындағы ойын аяқталды. 23 минутта Луис Суарестің соққан голы Оңтүстік Америка құрлығынан келген ұжымға жеңіс сыйлады.

"А" тобындағы екі ойында да жеңіске жеткен Уругвай мен Ресей құрамалары плей-офф кезеңіне шығып үлгерді. Ал Египет пен Сауд Арабиясы соңғы турда өзара ойнап, жарысты аяқтайды. Ресейліктер мен уругвайлықтар топтағы бірінші орынға таласады.

Ресей құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шығып отыр. Осыған дейін 1994, 2002 және 2014 жылдары топтық кезеңнен шыға алмаған.

Айта кетейік, 1/8 финалда "А" тобында бірінші орын алған құрама мен "В" тобында екінші орын алған құрама, керісінше "В" тобында бірінші орын алған құрама "А" тобында екінші болған құрамамен кездеседі. Ресей мен Уругвайға қарсы Испания мен Португалия құрамалары қарсылас атануы бек мүмкін. 

Ө. Сансызбай