Бельгия Панама құрамасына айқын басымдығын байқатты

Бельгия Панама құрамасына айқын басымдығын байқатты
Фото: vk.com

Футболдан "G" тобындағы алғашқы ойында Бельгия құрамасы Панамаға айқын басымдығын байқатты.  Сочиде өткен кездесуде еуропалық құрама қарсыластарын 3:0 есебімен ұтты.

Ойындағы үш гол да екінші таймда соғылды. 47 минутта Дрис Мертенс бельгиялықтарды алға шығарды. Ойын аяқталғанға дейін Ромелу Лукаку дубль жасап, командасына айқын жеңіс сыйлады.

Әлем чемпионатына алғаш қатысып жатқан Панама құрамасының да гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болған. Бірақ команда ойыншылары пайдалана алған жоқ.

Бұл топтағы Тунис пен Англия құрамалары арасындағы ойын Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады.

О. Сансызбай