Аргентина Исландияны ұта алмады

Аргентина Исландияны ұта алмады
Фото: Reuters©

Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатында Аргентина құрамасы Исландиямен тең тарқасты. Мәскеуде өткен ойында 1:1 есебі тіркелді.

Ойындағы екі гол да бірінші таймда соғылды. Алдымен Серхио Агуэро (19 минут) есеп ашса, араға 5 минут сала Исландия құрамасы сапынан Финнбогасон таразы басын теңестірді.

Екінші таймда Аргентинаның есепте алға шығуына мүмкіндігі болған. Алайда 62 минутта Лионель Месси пенальти соға алмады. Үздік сұрмергеннің соққысын қақпашы Халдорсон қайтара білді.

Бұл топтағы Хорватия мен Нигерия арасындағы екінші ойын Астана уақытымен түнгі сағат 01:00-де өтеді.

Айта кетейік, әлем чемпионатына орай Массагет порталы болжамдар бәйгесін бастаған болатын. Ойындарға болжам жасап, Huawei P20 Lite смартфонын ұтып алуға мүмкіндіктеріңіз бар.

Ө. Сансызбай