Массагет бәйгесі. "С" және "D" топтарындағы ойындарға болжам жасау басталды

Массагет бәйгесі. "С" және "D" топтарындағы ойындарға болжам жасау басталды
Фото: Football Expert, Tifo Football, Reuters

Футболдан әлем чемпионатының үшінші жарыс күнінде 4 бірдей ойын өтеді. Осы ойындармен қатар Massaget.kz сайты Huawei компаниясы демеушілігімен ұйымдастыратын болжамдар бәйгесін бастайды. Бәйге "С" және "D" тобындағы ойындармен басталады. 

Франция – Аустралия

Әлем чемпионатының фавориттерінің бірі саналып отырған Франция құрамасы бүгін өз ойындарын бастайды. Спорт сарапшыларының пікірі бойынша Аустралияға қарсы ойын оларға қандай да бір қиындық тудырмайтын секілді.

Ойын Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады. Тікелей эфирде QazSport арнасы көрсетеді.

Қос құрама соңғы рет 2013 жылы жолдастық кездесу өткізген. Ойында француздар 6:0 есебімен жеңіске жеткен. Ал 2001 жылы Конфедерация кубогындағы ресми ойында аустралиялқытар 1:0 есебімен ұтқан.

Франция Аустралия ойынына уругвайлық төреші Андрес Кунья қазылық жасайды.

Аргентина – Исландия

"D" тобындағы Месси бастаған Аргентина мен мінезді Исландия құрамалары арасындағы ойын да тартысты болмақ. Бұл топты тіпті өлім тобы деп атауға да болады. Бұл екі командадан өзге Хорватия мен Нигерия бар.

Аргентина мен Исландия құрамалары арасындағы ойын Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады. Тікелей эфирде QazSport арнасы көрсетеді.

Исландия құрамасының 2016 жылғы Еуропа чемпионатындағы ойындары жанкүйерлердің есінде болар. Биыл әлем чемпионатын алғаш рет жолдама алып, тағы да таңдандырды. 

Аргентина әлем чемпионатында екі рет жеңіске жеткен. 2014 жылы Бразилияда финалға дейін жеткенмен, шешуші ойында Германияға есе жіберді. Соңғы рет құрама 1993 жылы Копа Америкада жеңімпаз атанған. Сондай-ақ Аргентина құрамасына мундиальдың іріктеу кезеңі ауыр өтті.

Бұл кездесуде Аргентина құрамасы фаворит екені даусыз. Әйткенмен викингтер тосынсый жасамасына кім кепіл?! Ойынға поляк Шимон Марчиняк қазылық жасайды.

Перу – Дания

"С" тобындағы екінші ойын Перу мен Дания құрамалары арасында өтеді. Сарапшылар топта қай жеңгені екінші орын алып, плей-оффқа шығады деп болжауда.

Ойын Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Тікелей эфирде Qazaqstan арнасы көрсетеді.

Перу құрамасы осыған дейін әлем чемпионатына 4 рет қатысқан. 1982 жылдан бері іріктеуден аса алмай келген еді. Олардың жолы Ресейге түсті.

Құрама соңғы 15 ойында жеңіліп көрген жоқ. Тіпті көп ойындарында өз қақпаларына гол да соқтырмаған. 

Дания құрамасы сапындағы жұлдызды ойыншылардың бірі – Кристиан Эриксен. Тоттенхэм командасында ойнайтын футболшы даттар сенім артып отырған таланттардың бірі. Трансферлік құны 80 миллион еуро көлемінде.

Букмекерлер аз да болса бұл ойында Дания құрамасын фаворит санада. Ойынға гамбиялық төреші Баккари Гассама қазылық жасайды.

Хорватия – Нигерия

Қос құрама футбол тарихында өзара ешқашан ойын өткізбепті. Бүгін түнде тарихи кездесудің куәсі болмақпыз. Ойын Астана уақытымен сағат түнгі 01:00-де басталады. Тікелей эфирде Qazaqstan ұлттық арнасы көрсетеді.

Төрт жыл бұрын Бразилияда өткен әлем чемпионатында шақпақ жейделі құрама топтан шыға алмаса, Африканың қара маржандары топта Аргентинадан кейін екінші орын алып, 1/8 финалға шыққан болатын. Нигериялықтар биыл да топтан шығуды басты мақсат тұтып отыр.

Хорватия құрамасы Нигерияға ойыны ұқсас Сенегал құрамасымен жолдастық кездесу өткізді. Златко Далич шәкірттері 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Ойынға негізігі құрамда шығуы мүмкін ойыншылары:

Хорватия: Субашич - Врсалько, Ловрен, Вида, Стринич - Модрич, Ракитич - Перишич, Крамарич, Ребич - Манджукич

Нигерия: Ф.Узохо – Б.Идову, А.Шеху, К.Омеруо, Троост-Эконг – У.Ндиди, О.Этебо, В.Мозес, А.Ивоби, Оби Микел – О.Игало

Ойынға бразилиялық төреші Сандро Риччи қазылық жасайды.

Айта кетейік, осыған дейін порталымыз болжамдар бәйгесін (ережесімен осы сілтемеге өтіп таныса аласыз) жариялаған болатын. Болжамдарды төмендегі "пікір білдіру" алаңына қалдырасыздар. Бүгінгі ойындарға болжам жасау ойындардың басталуына 5 минут қалғанда тоқтатылады (Егер мүмкін болса төрт ойынға бірден болжам жасағандарыңыз абзал болар еді). Одан кеш жарияланған болжамдар есепке алынбайды. Сондай-ақ бір болжам жасағаннан кейін аты-жөндеріңізді ауыстыруға, өзге қаріпке өзгертуге болмайтынын ескертеміз. 

Биылғы Mассагет бәйгесінің бас демеушісі – Huawei. Бірінші орын алған жеңімпаз Р20 Lite смартфонына ие болады.

P 20 Lite – смартфоны орта сегменттегі қабілетті смартфон. Функционалдық мүмкіндіктері айрықша назар аударуға тұрарлық. Авторлық EMUI 8.0 интерфейсі жасанды интеллекті арқылы смартфон өнімділігі мен жылдамдығын қадағалап, оптималды күйде сақтайды. 16/2 камераларында кәсіпқой фото, түнгі түсірілім, ашық бояулы режим, құжат сканерлеу, кәсіпқой видео функциялары бар.

Сипаттамасы

Параметрлері

Көлемі

148.6 мм x 71.2мм x 7.4мм

Дисплейі

5,84дм \ ажыратымдылығы FHD+

1080х2280 пиксель\ 432 пиксель\дм

1:15000 түс керағарлығы\Сурет форматы 19:9

Салмағы

145 гр

Желі мүмкіндігі

4G LTE FDD:
Band 1, 3,7,8,20

3G WCDMA:
B1, B2, B5. B8
2G GSM:
B2, B3, B5, B8

Cлот

Екі слотты Nano-SIM,MicroSD (256 Гб-қа дейін көбеютуге болады)

Процессор

HUAWEIKirin659
4 ядрлы A53 жиілігі 2.36ГГц 
4 ядрлы A53 жиілігі 1.7ГГц

Жады

Жедел жад 4Гб \ 64 Гб ішкі жад

GPS

GPS / AGPS / Glonass

Батарея қуаттылығы

3000 сағ/мА

Аудио

3.5мм аудио

Камералар

Негізгі камера:
16Мп + 2Мп 
Фронтал камера:
16Mп.

Wi-Fi

802.11 a/b/g/n/ac. Қабылдау жылдамдығы 2.4ГГц & 5ГГц.

Сенсор

G-сенсор

ОЖ

Android 8.1, EMUI 8.1

Ө. Сансызбай