Уругвай құрамасы Египетті соңғы минутта сан соқтырды

Уругвай құрамасы Египетті соңғы минутта сан соқтырды
Фото: Reuters©

Футболдан Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатында Уругвай құрамасы Египетті ұтып, 3 ұпайға ие болды. "А" тобындағы екінші ойын 1:0 есебімен аяқталды.

Бұл топтағы бірінші ойында Ресей құрамасы кеше Сауд Арабиясын 5:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын. Бүгін бұл топта уругвайлықтардың жолы болды. Египет құрамасын соңғы минутта сан соқтырды.

Уругвай құрамасына жеңіс сыйлаған голды 89 минутта Хосе Хименес соқты. Айып соққысынан асырылған допқа бірінші жеткен қорғаушы допты Египет құрамасының қақпасында тулатты.

Айта кетейік, бұл ойынға мысырлықтар сенім артқан футболшы Мұхаммед Салах жарақатына байланысты қатыса алған жоқ. Алда Ресей мен Сауд Арабиясына қарсы ойнауы мүмкін.

Бүгін "В" тобында тағы екі ойын өтеді. Марокко мен ИранПортугалия мен Испания құрамалары кездеседі.

Ө. Сансызбай